Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Түнгі клубта 300 адам сайран құрған

c 17:59, 09/08/2021 c 961

Оралдағы «Сиберия» түнгі клубында 300-ге жуық адам көңіл көтерген. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев мәлімдеді. Мониторингтік топ назарына бұдан бөлек бірнеше факті ілікті. Оралдағы түнгі клубтар карантиндік талаптарға пысқырар емес. Бас пайдасын ойлаған бизнес субъектілері жүздеген адамның басын қосып, көңіл көтеру шараларын өткізуді жалғастыруда. Солардың бірі мониторингтік топтардың назарына ілігіп, әкімшілік құқық бұзушылық деп танылып, бұл әрекеттері енді сотта қаралатын болды. Айта кету керек, тойхана мен мейрамханаларда көпшілік шара күндізгі уақытта немесе сағат 10-ға дейін өткізілетін болыпты. Ауру жұқтыру өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өте жоғары. Шектеулерге қарамастан көпшілік шараларды ұйымдастыру тыйылмай отыр. Сот үкімімен бірнеше аптаға жабылған тойханалардың өздерінде жиын-той өткізілуде. Шілде айының өзінде облыс орталығыда 17 құқық бұзушылық орны анықталып, әкімшілік кодекстің 425 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылыпты.
Өңір 26 маусымнан бері "қызыл" аймақтар тізімінде. Кешегі тәулікте аймақта ауру жұқтырудың 111 дерегі тіркеліпті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.