Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Түлектер мектеп ауласын жаңартты

c 17:25, 26/08/2021 c 559

0:00 / 0:00

Жақында қаладағы М.Ықсанов атындағы орта мектептің 2001 жылғы түлектері білім нәрімен сусындатқан «алтын ұяларына» оралып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектептің ауласына төсемтас төсеп, жаңартты. Түлектер ұстаздарымен кездесіп, жеткен жетістіктерімен бөлісті. Кейінгі жылдары «Туған жерге туын тігіп», атамекеніне игі іс жасауға асыққан жастардың қатары артып келеді. Яғни, мектеп түлектері өздері қанат қағып, ересек өмірге жолдама берген алтын ұя мектептеріне араға жылдар салып оралып, түрлі іс-шаралар өткізуді дәстүрге айналдыруда. Көбіне мұндай ұйымшылдықты ауыл жастары арасынан байқайтын болсақ, енді бұл игі шараны қаладағы түлектер де қош алуда. Құрылыс жұмыстарының басы-қасында жүрген 2001 жылғы мектеп түлектерінің алғашқы ұстаздарының бірі -Нүргүл Абуева шәкірттерінің игі бастамаларына дән риза.Айта кету керек, жобаның жалпы құны - 984 мың теңгені құрайды. Ал төсемтас төселген жалпы аумақ 174 шаршы метр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.