Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТҮБІ БІР ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫ АСТАНАДА

c 13:21, 06/11/2023 c 39

0:00 / 0:00

Бұл аптада Астана қонақ күтуден шаршаған емес. Үкімет басшысы неше күннен бері уақытының көп бөлігін әуежайда өткізіп жатқандай. Әлихан Смайылов кешеден бері Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитіне қатысуға келген түбі бір түркі елдерінің басшыларын қарсы алумен болды. Астана әуежайына алғашқы болып Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің ұшағы келіп қонды. Одан әрі Түркіменстанның көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов ат басын тіреді. Толассыз келіп жатқан қонақтар қатарында Қырғыз Президенті Садыр Жапаров пен Өзбек басшысы Шавкат Мирзиеёв те бар. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның да алып ұшағы әуежайда бой көрсетті. Ердоған өзін қарсы алған қазақ үкіметінің басшысы Смайылов шүйркелесіп, Француз Президенті Макронды қармен қарсы алыпсыңдар ғой деп әзілдеп те жатты.

Ақорданың хабарлауынша, түркі елдерінің саммиті басталмас бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіменстан көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен жеке кездесу өткізді.

Тараптар өзара сауда-саттықта оң динамика бар екенін айтып, энергетика, өнеркәсіп, көлік, логистика салалрындағы жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

ГУРБАНГУЛЫ БЕРДІМҰХАМЕДОВ – ТҮРІКМЕНСТАН ХАЛК МАСЛАХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ « Біз осы жылдар ішінде сыртқы саясат, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз бойынша құқықтық база қалыптастырдық. Сыртқы саяси мәселеде Сізге алғысымыз шексіз. Сіз біздің бейтарап ұстанымымызды әрдайым қолдап келесіз. Бұдан бөлек Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылымында басшылық қызмет істей жүріп, біздің сыртқы саяси бағдарымыз үшін көп жұмыс атқардыңыз. Сол үшін Сізге алғысымыз шексіз»

Айта кету керек, түркі елдерінің басшылары бас қосып жатқан саммитке Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов өзі келмеді. Біздің ойымызша, Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитіне түркімен елі бақылаушы ретінде қатысып отырғандықтан, айтулы жиынға президенттің әкесі, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қатысып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.