Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Трамадол королі» ұсталды

c 15:42, 27/04/2022 c 896

0:00 / 0:00

Оралда «Трамадол королі» ұсталды. Бұл туралы қоғам белсендісі Аслан Өтепов мәлімдеді. Ал облыстық прокуратура өкілдері аталмыш жағдайға қатысты ешқандай мәлімдеме берген жоқ. Қоғам белсендісі Аслан Өтепов, өзінің фейсбук парақшасында Оралдағы трамадол королінің қолына құқық қорғау өкілдерімен кісен салынғаны туралы ақпарат таратты. Қоғам белсендісінің осы мәлімдемесінен кейін оған әлде біреулер хабарласып қорқытыпты. Кейін Аслан Өтепов ПД-не шағым түсірген. ПД баспасөз қызметі Өтеповтың шағым түсіргенін растады. Және Николай Карповтың үстінен ҚР ҚК 296 бабы атап айтқанда есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу дерегі бойынша оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-текеру шаралары басталыпты. Алайда күдікі бостандықта. Ал телеграмм каналындағы @egovpress <https://t.me/egovpress> парақшасында құқық қорғау өкілдерінің қатысуымен болған тінту операциясы 26-шы сәуір күні болыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.