Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тозығы жеткен үйлер

c 16:31, 31/03/2021 c 641

0:00 / 0:00

Облыс орталығында құлағалы тұрған 52 үй бар. 400-ден астам пәтердің иелері күн-түні жандарын шүберекке түйіп, үйім құлап қалмаса екен деп өмір сүріп келеді. Мыңдаған тұрғын апатты үйден қашан көшетінін білмей дал. Ескі ғимараттың шатырынан су кетіп, қабырғалары құлағалы әрең тұр.

Тұрғындарға түрлі қолайсыздықтар тудырып, өмірлеріне қауіп төндіріп тұрған үйлердің бірі-Темір Масин көшесінде орналасқан мына 2 қабатты ғимарат. Үй өткен ғасырдың 60-шы жылдарында салынған. Бүгінде оны 30-ға жуық отбасы паналап отыр.

Осы секілді тозығы жеткен үйлердің саны Оралда көп. Билік тұрғындарды толғандырған мәселені екі түрлі әдіспен шешпекші.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 19 апатты үй сүрілген. Оның орынына жаңа 8 көпқабатты тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Өткен жылы осы бағдарлама аясында 2 апатты баспана бұзылған. Қазіргі таңда 2 жаңа көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.