Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Төтеншеліктердің есебі

c 17:35, 30/04/2019 c 713

0:00 / 0:00

Қыстағы ақуал пен көктемгі су тасқынын болдырмау үшін атқарылған жұмыстарды баяндаған төтеншеліктер биыл 106 мәрте тас жолдың ауа-райына байланысты жабылғандығын айтады. Аталмыш оқиғаның орын алуына тас жолдың уақытылы тазартылмауы себеп болып отырған көрінеді. Сала мамандары 1636 адам қар құрсауында құтқарылып, қар аршу жұмыстарына 600-ден астам техниканың жұмылдырылды,-дейді. Төтенше жағдайдың орын алмағандығын айтқан мамандар бу қазандықтарына талаптардың күшейтілуін сұрап отыр.

Биыл Тасқала ауданы ауа-райына байланысты тас жолды көп жапқан. Яғни, оқиға уақытылы жолды тазартпағандықтан орын алған. Осы ретте аудан әкімі техниканың жеткіліксіз екендігін айтады.

Сондай-ақ, бейнебақылау арқылы есеп берген Тасқала ауданының әкімі жергілікті жерде атқарған жұмыстарын жіпке тізді. Биыл Тасқала ауылындағы каналдар қардан аршылыпты. Десек те, әлі каналдардың сақинасын орналастырып, олардың аумағын кеңейту үшін 20 млн теңгедей қаражат керек екендігі белгілі болды. Аудан әкімі Деркөлдің арнасын кеңейту керектігін де алға тартады. Жиында есеп берген төтеншеліктер судағы қауіпсіздікке назар аудару керек,-дейді. Қазіргі таңда қала көлемінде 5 жағалау бар. Өткен жылы бір жекеменшік жағалау кәмелетке толмаған бала суға батып кеткен еді. Құтқарушыларм мен төтеншеліктер қайғылы оқиғаны болдыртпас үшін жыл сайын оқушыларды суда жүзуге үйретуде. Былтыр судағы қауіпсіздік бойынша дәрістер 25 орында өткен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.