Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Төтеншеліктер жаттығуларын пысықтады

c 11:54, 02/11/2018 c 537

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы "Омега" зауытынан өрт шықты. Зауыттың ішінде бірнеше адам болып, олар өздігінен қауіпсіз жерге шыға алмапты. Абырой болғанда, құтқару қызметінің мамандары оқиға орынына лезде барып, азаматтар қауіпсіз жерге көшіп үлгерген.

Облыс орталығында орналасқан өндіріс ошағында өрт шыққан. Ол ғимараттың ішінде 10 шақты адам болыпты. Қызыл жалын биік ғимаратта орын алғандықтан, азаматтар өздігінен қауіпсіз жерге шыға алмаған. Оқиға орынына екі өрт сөндіру көлігі, бір топ құтқарушылар мен жедел жәрдем көлігі келіп жетті.

Бірінші кезекте сала мамандары өрт құрсауында қалған азаматтарды құтқару үшін білек сыбана жұмыстанды. Құтқарушылар азаматтарды арқан жіптің көмегімен қауіпсіз жерге көшірді. Кейін, қызыл жалын ауыздықталған еді.

Сала мамандары жылдың төрт мезгілінде орын алатын төтенше жағдайға төтеп беру үшін алдағы уақытта оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастыра бермек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.