Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БИЛІК

c 22:49, 18/03/2022 c 526

0:00 / 0:00

Журналистік Этика Кодексі керек. Алайда, ол құжатты ақпарат министрлігі емес, журанлистердің өздері ұсынуы тиіс дейді ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров. Айта кетейік, БАҚ туралы жаңа заң жобасын әзірлеу президент жолдауындағы тапсырманың бірі. Осыған орай қолданыстағы заңға өзгерістер енеді. Біріншіден, қоғам сұраныстары мен мемлекеттің мүдделерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң қайта қаралатын болады", - деді министр үкіметтің дәлізінде.

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға тағы да өзгеріс енгізіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында ақпарат кеңістігі мен бәсекеге қабілетті отандық бұқаралық ақпарат құралдарын құруды ұсынған еді. Бүгінде қазақстандық журналистерге баспасөз маслихаты барысыда тақырыптан тыс сұрақ қоймауды бірден ескертіп жататын үрдіс пайда болған.Оған қоса мемлекеттік тапсырыс алатын БАҚ өкілдері қандай да бір өткір сұрақ қоюдан тартынып тұрады. Шенеуніктер мен әкімсымақтардың арасында журналистерді мойындамайтын, менсінбейтіндері де баршылық. Оны күнделікті жұмыс барысында көріп те, айтып та жүрміз. Ал саясаткерлердің пікірінше, кез-келген демократия сөз бостандығынан бастау алады. Енді билік ақиқатын айтатын журналистикаға зәру. Ақпарат министрі болса БАҚ туралы заң жобасына енгізілетін өзгерістерді журналистік ұйымдармен ақылдасып ғана қабылдаймыз деп отыр.

Осылайша ақпарат министрі азаматтық бақылауды жүзеге асыратын төртінші билік ретінде әрекет ететін бұқаралық ақпарат құралдары үшін ашық бәсекелестік орта дамитын болады. Мемлекеттік ақпараттық жұмыс бойынша жаңа тәсілдер әзірленеді дейді. Дегенмен, журналистік қауымдастықтың пікірінше, билік әлеуметтік желіні қатаң бақылауға алмақшы.

Ал журналистердің этикасына қатысты Кодекс қабылдауды министр төртінші билік өкілдерінің өзіне артып отыр.

Журналистер ұйымы өкілдерінің айтуынша, тек 2021 жылы мемлекеттік БАҚ-на қазынадан 56 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржы мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.