Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Топыраққа көмілген аула

c 00:00, 29/06/2015 c 764

0:00 / 0:00

Дәл осындай мәтінмен біздің арнамызға Солтүстік-Шығыс ауданының тұрғындары хабарласып, өз уәждерімен бөлісті. Қала тұрғындарының айтуынша, олардың аулаларында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының кесірінен пәтерлері мен аулалары топырақтың астында қалған. Біздің білгеніміздей, ауқымды супермаркет құрылысы осыдан 3 жұма бұрын басталған. Алайда тұрғындардың пайымдауынша олар бұл жұмыстар туралы бейхабар. Күн сайын құрылыс компаниясының ауқымды көліктері топырақ тасып, тұрғындардың үйлері мен аулаларын әбден шаң басып қалған. Соның салдарынан жақын маңдағы халық, пәтерлерін күніне 4-5 мәрте шаңнан тазалап тұруға мәжбүр. Ал мердігер компания басшыларының айтуынша, кез келген құрылыс жұмыстарында шаң тұрмай болмайды. Ал топырақты дымқылдату мәселесіне келетін болсақ, ол әзірге мүмкін емес. Себебі сауда үйін салуға қауқарлары жететін компанияның, айналадан тіршілік көзін табуға шамасы жетпей отырғаны. Біздің анықтағанымыздай топырақты тасу жұмыстары 2-3 күннен соң тәмамдалмақ. Бәлкім сонда ғана Солтүстік-Шығыс ауданының тұрғындары аптап ыстықта шаңнан арылып, қалыпты тіршілікке оралар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.