Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Топырақ астына көміліп қалды

c 17:26, 11/07/2019 c 806

0:00 / 0:00

6 -шы шілде күні топырақ астынан жүрегі тоқтаған ер адамның мүрдесі табылды. Оқиға Орал қаласындағы Құс фабрикасы ауданында орын алған. БҚО Полиция департаменті мамандарының таратқан ақпаратына сүйенсек, марқұм құбыр қазу жұмыстарымен шұғылданған. 1955 жылы туылған азамат Зачаған кентіндегі Сарыарқа көшесі бойындағы құбыр қазу жұмыстарымен шұғылданған. Алайда оның қалай көміліп қалғаны туралы әлі нақты мәлімет жоқ. Зачаган бау-бақша серіктестігі аумағындағы Сарыарқа көшесі 121-үйдің жанынан ор қазу жұмыстары барысында шамамен сағат 17.30-да  азаматтың денесі табылған. Қазіргі кезде аталған дерек бойынша Зачаган полиция бөлімі мамандары шұғылдангуда. Сол маңда тұратын тұрғындардың сөзіне қарағанда, ер адам трактормен жер қазу жұмыстары кезінде абайсызда шұңқырға түсіп кетіп, содан көміліп қалған. Өзі зейнетке шықса да, жұмыс жасап жүрген. Ал оқиға орны қалыпқа келтірілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.