Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

“ТОМИРИС” ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ

c 18:09, 01/11/2021 c 1969

0:00 / 0:00

Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры ХХІХ маусымын тарихи туынды "Томириспен" ашты. Премьераға келген көрерменнің қарасы қалың.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры Шахимарден Құсайыновтың "Томирис" трагедиясын сахналады. Қойылымның режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері Мұрат Ахманов. Ал спектакльдың қоюшы суретшісі «Өнер саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Мұрат Мамбетов болды.

Сақ патшайымын мәдениет саласының үздігі Қорлан Шамелова сомдады. Өнер иесі бұл рөлді сахналау әрбір актрисаның арманы,- дейді.

Егемендіктің торқалы тойына орай сахналанған туындыны көруге келген бұқараның қарасы қалың болды. Көрермендер бір деммен "Томирис" патшайымның бастан кешкен оқиғаларын, ел үшін, азаттық үшін күресін көріп, әртістердің өнеріне тәнті болды.

"Томирис" спектаклін сахналап, әртестердің киімін тігу үшін 13 млн теңгедей қаражат бөлінген. Сақ патшайымы туралы тарихи туындыны қазақ драма театрынан және ТДК-42 телеарнасынан 13 қараша күні сағат 17:30-да және 21:30-да тамашалай аласыздар!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.