Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Төленбеген қарыз

c 17:36, 05/06/2018 c 1010

0:00 / 0:00

Қазіргі таңда оралдықтар ыстық судың жоқтығынан біраз қиындыққа тап болып отыр. Қала тұрғындарының ыстық судан ажырауының басты себебі төленбеген қарыз болып тұр. Бүгінгі таңда "Жайық жылу қуат" мекемесі жылытатын қазандықтары үшін "Газ транс аймақ" мекемесіне 684 млн теңгедей бережақ. Мамыр айының аяғында ыстық судан ажырап қалған қала тұрғындары да жылы үшін 680 млн теңге бережақ. Ең ірі қарыз 800 мың теңгені құрайды. Бұл азаматтың қолында 6-7 сот шешімінің қағазы бар екен. Қазіргі таңда "Жайық жылу қуаты" мекемесің 500-ден астам қызметкері қысқартылған жұмыс күнінде қызмет жасап жатыр. Олардың қызметкерлері арнайы 20 топ құрып, бережағы бар пәтерлерді аралауда. Арнайы топ 4 күннің ішінде 12 млн теңге бережақты өндірген.

Ыстық суға байланысты туындаған мәселені шешу үшін қалалық әкімдіктің ғимаратына құқық қорғау саласының мамандары, коммуналдықтар мен әкімдіктің қызметкерлері мен жеке сот орындаушылары бас қосты. Жиын барысында жеке сот орындаушылар өзге қалалалар қолданылып жатқан комиссиондық дүкендерді тәжірбиеге енгізу туралы ұсыныс білдірді. Яни, бұл дүкендерде бережағы бар азаматтардың техникалық заттары тұрады. Қарызы бар азаматтар он күннің ішінде бережағын төлемесе, ол заттарды саудалап, қарызды төлеуге болады.

Жиын соңында қарызды төлемеген жандар 5 тәулік түзету мекемесіне қамалатыны туралы айтылды. Сондай-ақ, жылу үшін бережағы бар азаматтардың көлігі айып тұрағына қойылып, шекара асуына да кедергі қойылмақ. Қаланы ыстық сумен қамтамасыз етіп отырған мекеме көгілдір отын үшін берешегін қайтармайынша, оралдықтар ыстық сусыз отыра береді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.