Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Толассыз жауған жаңбырдың кесірі

c 17:23, 07/06/2021 c 537

0:00 / 0:00

Оралда толассыз жауған жаңбыр салдарынан көпқабатты үйлердің жертөлелері шайынды суға толып, тұрғындардың тыныштығы бұзылды. Бүгінде коммуналдықтар жағдайды қалыпқа келтіруде жұмысты күшейткен.Қатты жауған нөсер жаңбыр Оралдағы жолдардың сапасын анықтап бергендей. Абай даңғылы бойындағы асфальт көлік қозғалысы кезінде опырылып түскен. Жүргізушілерге айтарлықтай шығын келіпті. Сонымен қатар өзге де кәсіпкерлік субъектілері зардап шеккен. Қалалық әкімдік жанынан арнайы комиссия құрылып, бүгінгі таңда шығын есептелуде.Омега зауыты маңында кәріз коллекторы жарылып, бұл орын шайынды суға толған. Оқиға орнында экологтар топырақтан арнайы сынамалар алып, қоршаған ортаға келген зиянды анықтауға кіріскен. «Батыс су арнасы» ЖШС бригадасы лас суды сору жұмыстарын қолға алыпты.Толассыз жауған жаңбырдың салдарнан №3 кәріз-сорғы стансасында апатты жағдай орын алып, Орал қаласында салқын су беру уақытша тоқтатылған болатын. Оған қоса аталмыш мекеменің бригадасы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын атқарып, қазіргі кезде су берілді. Бұл Назарбаев даңғылы 216-шы үй. Аталмыш тұрғынжайдың жертөлесі жаңбыр суына толған. Өткен ғасырда бой көтерген үй тұрғындары бұл жағдайдың алғаш рет орын алғанын айтып, болашақта баспаналары құлап қала ма деп қорқады. 3 маусым күнгі жауған жаңбырдың салдарынан 40-тан астам тұрғын үйдің аула аумағы, 7 әлеуметтік нысанның жертөлесі суға толып, 8000 абонемент жарықсыз қалған болатын.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.