Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Той тойлайтын кез емес

c 18:45, 12/03/2020 c 613

0:00 / 0:00

Коронавирустың таралуына жол бермеуге қатысты нақты шаралар қабылданды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай, барлық қоғамдық ұйым тиісті режимге көшетін болады. Қоғамдық орындарды санитарлық-дезинфекциялау, мектеп оқушыларының каникулын 16 наурыздан 5 сәуірге дейін бекіту, кісі көп жиналатын жерлерге бармау, жоғарғы оқу орындарында қашықтықта оқыту,  режим енгізу, 1 "а", 1"б", екінші және үшінші санаттағы елдерге баруға соның ішінде халықаралық спорттық, мәдени туристік шараларға тыйым салу.Бүгін Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған министрлер кабинеті шұғыл баспасөз маслихатын өткізіп, қауіпті індеттен қорғану жолдарын айтып берді.

Еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшиннің елге қауіпті індет келе жатыр деген мәлімдемесінен соң, қазақстандықтар арасында бұл ауру ендігі тіркелген екен деген күмәнді қауесет тарап кеткен еді. Аузынан ұрынған бас санитардың айтпағы медициналық тұрғыдағы болжам екен. Бүгінде әлемнің 120 елінде тараған індет 125 мың адамға жұқты. Ал шетелден елімізге келіп жатқан азаматтар саны көп. Сондықтан сақтықта қорлық жоқ деп, коронавирустың таралуына жол бермеу шарасы күшейтіліп жатыр.Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ. Бірақ...

Коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында мектеп оқушылары каникулға бір аптаға ерте шығатын болды. 16 наурыздан 5 сәуірге дейін демалады. Ал қауіпті індетке қатысты жағдай ушығатын болса, мектеп оқушылары да қашықтықта оқытылуы мүмкін.

ЖОО студенттері де келесі аптадан бастап қашықтықта оқитын болады. Ал шетелге шығуға толық шектеу қойылуда. Қоғамдық орындарды санитарлық дезинфекциялаудан өткізіп отарады. Оның ішінде қоғамдық көліктер де бар. Ертеңнен бастап көпшілік іс-шараларға, соның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени-көпшілік шаралар, конференциялар, семинарлар мен көрмелерді өткізуге тыйым салынды.

Әлемді жайлаған қауіпті індеттен қорғану үшін басты мерекеміз Ұлыстың Ұлы күні –Наурызды жаппай тойлауға тиым салынып отыр. Сондай-ақ,тойшыл қазаққа  үйлену, ұзату сияқты қауым жиналатын тойларды  тойлауды тоқтата тұруға кеңес берді.

Осылайша, Қазақстанда барлық қоғамдық ұйым тиісті режимге көшетін болды. Басты міндет жеке гигиенаны сақтап жүру керек. Еліміздің бас дәрігері  әлемде коронавирус таралғалы бері қазақстандықтар жеке гигиенаны қатаң сақтап жүргенін айтты. Соның арқасында тұмаудың көрсеткіші төмендеген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.