Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тілсіз жау белең алып тұр

c 15:26, 19/02/2018 c 845

0:00 / 0:00

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оқыс оқиғалардың алдын алуда! Төтеншеліктердің айтуынша, жылыту маусымында өрт көбейіп, қайғылы оқиғалар белең алады. Осыған орай облысымызда «Біз қауіпсіздікті таңдаймыз» атты ауқымды рейд өткізіліп жатыр. Бұл орайда әсіресе үйлерін көмірмен жылытатындар назарға алынған. Төтеншеліктер күн сайын дабыл қағып, осылайша бұқараға қауіпсіздік ережелері жөнінде ескертеді. Олардың айтуынша, бұл жұмыстар өрт жағдайларының алдын алуға едәуір көмектеседі. Өткен жылы төтеншеліктер 115 өртті ауыздықтаса, оның салдарынан 13 адам мерт болған. Ал жыл басынан бері 3 адам осы қызыл жалынның шарпуынан қаза тапқан. Өрт мәселесі өңірде өзекті. Әсіресе биылғы жылы тілсіз жау белең алып тұр. Оның алдын алуды - бүгінде төтеншеліктер басты назарға алған. Аталмыш шара да 1 ақпаннан бастап қолға алыныпты. Департамент басшылығы да алдымен қызметкерлермен әңгімені өзі жүргізіп, кейін тұрғын үйлерді аралауға кірісті. Топ-топқа бөлінген олар әр үйдің есігін қағып, электрлі құрылғыларды пайдалану ретін, қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп жатты. Газ саласының мамандары да бұл шарадан шеткері қалмай, газ плиталары мен пештерді тексерді. Ал ақаулар болған жағдайда, тұрғындардың бірден газ қызметкерлерін шақырулары керек екендігі ескертілді. Бұл ретте төтеншеліктерге еріктілер де сеп болуда. Шаһар көшелері мен сауда үйлерінде арнайы әзірленген үнпарақтар таратылып, көшедегі кезбелерге де отты қолданудың ережелерін айтты. Ауқымды шара 1 наурыз күні қорытындыланбақ.

Автор:
Оператор: Ербол Аманшин

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.