Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тергеу жүргізілуде

c 17:34, 04/03/2020 c 453

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкерге шабуыл жасағандар ұсталды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 3 наурызға қараған түні Теректі ауданы орталығы Федоров ауылында болған.Теректі ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының үйіне үш адам заңсыз баса-көктеп кіріп, күш қолданамыз деп қоқан-лоқы көрсеткен. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 389-бабы 3-бөлігі өзiнше билiк ету және 149-бабы 2-бөлігі тұрғынжайға заңсыз басып кіру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерге қатысты сотпен ешқайда кетпеу жөнінде қолхат беру шарасы қолданылған. Дәлелдемелерді бекіту мақсатында жедел тергеу амалдары жүргізілуде. Аслан Даубаев оқиға мемлекеттік сатып алуға байланысты туындағанын айтады. Бөлім басшысы Аслан Даубаевтан конкурста ұтылып қалған мекеме атынан келгендер мемлекеттік сатып алудың қорытындысын қайта қарауды талап еткен. Мемлекеттік қызметші заңға сүйеніп, бұған илікпеген. Содан ашуға мінген күдіктілер күш қолданбақ болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары жәбірленушінің ауруханаға жүгінгенін, денесінің әр жері аздап көгергенін жеткізді. Тараптардың шағымдары бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Әзірге аталмыш жағдайға кінәлі тарап анықталуда. ПД мамандары нақ осы мәселе бойынша алдағы уақытта нақты ақпарат берілетінін мәлімдеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.