Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Теміржолшылардың ескерткішін металлға өткізе жаздаған

c 17:41, 18/02/2021 c 411

0:00 / 0:00

Оралда теміржолшылардың ескерткіші байқаусызда металл қабылдау пунктіне өтіп кете жаздады. Қоғам белсенділері бұрынғы локомотив депосында тұрған вагон сүйрейтін отарбалардың кескілеуге түскенін кездейсоқ біліп қалған.Ескерткіштер осыдан 20 жыл бұрын депоның мерейтойын атап өткенде қойылыпты. Пайдакүнемдердің тарихи жәдігерге қол салуы тұрғындардың наразалығын тудырған. Ал өткен айда депоның орнын жеке компания сатып алыпты. Олар ауладағы ескі жылу қазандығын бұзып, күл қоқыс тазартуға адам жалдағанбыз дейді. Сөйтсе жұмысшылар қызды-қыздымен қараусыз тұрған электровоз бен паровозды бөлшектеуге кірісіпті. Мұны байқап қалған қоғам белсенділері шу көтерген. Іс насырға шаппай тұрғанда жаңа қожайын кесілген бөлшектерді орнына қайта дәнекерлетіпті.   Оралдықтардың теміржол саласына ықыласы ерекше. Өйткені Қазақстанда алғашқы теміржолдардың салынуы осы деподан басталыпты. Алайда бірнеше жыл бұрын кәсіпорын түбегейлі тұралап, жұмсышыларын таратып жіберген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.