Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТЕМІРДЕЙ ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН АРНАЙЫ ЖАСАҚ ИНСПЕКТОРЛАРЫ

c 18:12, 09/03/2023 c 138

0:00 / 0:00

БҚО Полиция Департаментіне қарасты жылдам қимылдайтын арнайы жасақ құрамында 6 инспектор лауазымындағы әйел-ана қоғам тыныштығын бақылауға алған. Олардың қатарында Құралай Қабрайқызы да бар. Тәртіп сақшысы мектеп жасынан салауатты өмір салтын жанына серік етіп келеді. Қоян-қолтық ұрыс, самбо бәсекелерінде үздік нәтиже көрсеткен. Жан дүниесі нәзік болғанымен қызмет бабында ерлерден қалыспай, қайраттылық танытып келеді.

Болашағын ішкі істер органымен байланыстырған маманның бірі - Гауһар Сағадат. Қылмыспен күрес кезінде арнайы жасақтың әрбір жауынгері алдыңғы шептегі сарбаздай қауіпті сейілтуге тырысады. Бұл тұста маманға қырағылық, жылдамдық пен төзімділік қажет. «Қарапайым жұмыс күнінің өзі операцияға дайындық жүргізумен бірдей»-дейді Гауһар. Күнделікті қоян-қолтық ұрыс, самбо күресінің әдістерін пысықтайды.

Қиын да, күрделі тапсырмаларды орындайтын арнайы жасақ қатарындағы инспектор арулар темірдей тәртіпке бағынып, ел тыныштығын сақтауға атсалысу - азаматтық борышымыз деп санайды. Өңір мақтанышы, 2016 жылғы жазғы олимпиада ойындарының жүлдегері Екатерина Ларионова да жылдам қимылдайтын арнайы жасақ құрамында ішкі істер қызметкерлерімен бірлесе қызметке араласқан. Әскери формадағы әйел-азаматшалар қызметте ер мінез танытқанымен, айналасын нұрландырып жүрген нәзік те, сұлу арулар. Олар өз болмыстарын сақтауға тырысатынын айтады.

 

 

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.