Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТЕМІР ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ҚАДАҒАЛАНДЫ

c 15:48, 15/07/2021 c 1399

Депо көпірі ауданында темір жол саласында қызмет жасайтын мамандар арнайы рейд жүргізді. Мақсат біреу. Тұрғындарға темір жолдан келетін қауіп туралы ескертіп, олардың өмірін қатерден сақтап қалу.

Мамандар темір жолдан келетін қауіп көп десе де, оған құлақ түріп жатырған тұрғындар аз. Депо көпірінің маңындағы рельстерді тікелей кесіп өтіп, уақытты үнемдеп жұмысқа баратын азаматтардың қарасы қалың. Бірі жаяу жүрсе, енді бірі велосипедін темір жол бойынан көтеріп өтпек болды.

Қолданыстағы заңнама бойынша темір жолды тыйым салынған жерлерден кесіп өтуге болмайды. Бұл адам өміріне қауіп төндіреді. Десек те, бұл тыйым көптеген азаматтарға тоқсауыл болып отырған жоқ. Соның кесірінен темір жолда 7 апат болды. Оның екеуі қайғылы аяқталып, зардап шеккен азаматтардың денсаулығына зиян келді.

Темір жол саласының мамандары атқарушы билікке рельстен көп өтетін жерлерді қоршау туралы ұсыныс жолдапты. Алайда бұл ұсыныс қаржының тапшылығына байланысты қолдау таппай келеді. Қазіргі таңда Орал қаласында рельстен адам өтетін арнайы орындар бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.