Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТЕАТР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА

c 16:23, 20/10/2021 c 764

Биыл Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры 29-маусымын бастайды. Қазіргі таңда өнер ордасының әртістері маусымның премьерасына қызу дайындық үстінде. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей тойына орай театр сахнасында "Томирис" спектаклі сахналанбақ.

Қазақ драма театрының әртестрі маусым ашарға қызу дайындық үстінде. Әртістер күн сайын бірнеше сағат бойы жаңа қойылымды сахналап, өнерлерін шыңдауда. Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры биыл 29-шы маусымын "Томирис" тарихи қойылымымен бастамақ. Басты рөлді театр үздігі, 20 жылдан астам тәжірбиесі бар актриса Қорлан Шамаева сомдайды.

Пандемия кезінде театр қиын кезеңді бастан өткерді. Өткен жылы Хадиша Бөкеева атындағы театрдың әртістері 42 онлайн және 42 офлайн қойылым қойған. Жаңа маусымда тарихи қойылымдарға басымдық берілмек. Және "Томиристен" бөлек екі премьері көрерменге ұсынылады.

Қазақ драма театры жаңа маусымын 30-қазанда бастайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.