Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ТДК-42» ТЕЛЕАРНАСЫНА 25 ЖЫЛ!

c 21:40, 21/08/2023 c 56

0:00 / 0:00

«ТДК-42» телеарнасының медиа саласына қадамы 1998 жылы басталған еді. Бүгінде телеарна қанатын кеңге жайды. Орал қаласын қоса алғанда, Астана, Ақтөбе, мұнайлы өлке Атырау мен Маңғаз Маңғыстау өлкесінде тілшілер қосыны бар. Елдегі саясат, әлеуметтік, медицина, білім-ғылым, спорт пен мәдениет жаңалықтары ақпарат сүзгісінен өтіп, лезде жұртшылыққа тарайды. Биыл өңірдегі төл арнаға ширек ғасыр толды. ТДК-42-нің бұқаралық ақпарат кеңістігінде ойып тұрып орын алуында арна құрылтайшысы Роза Қабашева мен оның ұлы Серік Мерғалиевтің еңбегі өлшеусіз.

РОЗА ҚАБАШЕВА

«ТДК-42» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ

25 жылдық еңбекті БАҚ мерекесі қарсаңында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары бағаласа, кешегі күні «Аq jol» ҚДП төрағасы Азат Перуашев және бірқатар мемлекеттік орган, күштік құрылым басшылығы тарапынан еленді. Телеарнаның тілшілері Марина Горбук пен Айнұр Құрмашеваға «Аq jol» партиясының «Еңбегім еліме» төс белгісі, видеооператор Олег Писаренко, видеоинженер Фарида Ахатоваға Алғыс хат табысталып, ақ жарма тілектер мен түрлі деңгейдегі марапаттар телеарна ұжымының мерейін өсірді.

АЗАТ ПЕРУАШЕВ

«AQ JOL» ҚДП ТӨРАҒАСЫ

Ширек ғасыр ішінде «ТДК-42» телеарнасы көптеген маманның қызметтік жолына сара жол салып берді. Бір сөзбен айтқанда, төл арна талай жастың томағасын сыпырып, шеберлігін шыңдады, бұл салада өз қолтаңбасын қалдыптастырды. Бүгінде телеарнадан түлеп ұшқан мамандар республиканың әр түкпірінде қызметте. Жыл санап ұжым жас мамандармен толығып, жаңашыл идеялар, тың бастамалар жүзеге асырылып, жаңа бағдарламалар жарыққа шығуда. Өткен жылы студия толық жаңартылғанын айта кеткен жөн. Ақпарат теңізіне кемесін қосқан «ТДК-42» телеарнасы медиа саласындағы заман ағымынан қалмай, қызметін одан әрі жалғастыра бермек.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.