Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТДК-42 телеарнасы Наурыз мерекесін тойлады

c 17:48, 20/03/2018 c 1068

0:00 / 0:00

"Армысың, Әз Наурыз!" Орал қаласында ТДК-42 телеарнасы алғашқылардың бірі болып наурыз мерекесін атап өтті. Өз ауласына киіз үй мен алтыбақан тігіп, театрланған көріністер көрсеткен телекомпания ұжымы келген қонақтарға ұлттық тағамдардан дәм татқызып, концерттік бағдарламамен мерекелік тарту жасады. Ашық аспан астында өткен шара барысында ұлттық салт-дәстүр ұлықталып, ұлттық ойындар ойналды. Думан-тойдың қызығы, қызылды-жасылды ұлттық киім киген той-думаншылардың мерекелік көңіл-күйі қонақтарды еріксіз баурап алды. Ашық аспан астында өткен мейрамда БАҚ өкілдері телеарна көрермендері үшін арнайы бағдарлама дайындады. Театрланған көріністер, ән-мен жыр, мың бұралған би "Армысың әз наурыз" мерекесінің көркін қыздыра түсті.

Бар дүние жанданып, күннің көзі жадырап, жер ананың бауыры жібеген сәтте халықтың аузы аққа тиіп, дастархан балғын дәмге толады. Елімізде молшылық болсын деп бұл күні әр шаңырақ ұлттық тағамдарын және жеті түрлі дәм қосылған наурызды көжесін пісіреді.

Алыбақан тепкен қыз-бозбала, асық атып, арқан тартысқан ұлттық ойындар шараның қызығын арттыра түсті. ТДК 42 телеарнасының ұжымы күн мен түн теңелген жыл басы -Әз наурыз, көктем мерекесі әр шаңыраққа бақ-берекесін ала келсін деп тілейді. Елімізде молшылық пен бейбітшілік, бірлік пен ырыс салтанат құра бергей.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.