Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚАЗАҚСТАНДА

c 08:46, 05/05/2023 c 85

0:00 / 0:00

Елімізге мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға бүгін Ақорда құрмет көрсетті. Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы бірқатар құжатқа қол қойылды. Тоқтала кетсек, екі ел арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала мәліметтер алмасуды ұйымдастыру туралы хаттамаға, Түркістан және Худжанд қалалары арасында Бауырластық қатынастар орнату туралы меморандумға, туризмді дамыту, ауыл шарушалығы саласы, өнеркәсіп және инновациялар саласындағы келісімдер, екі елдің сауда айналымын дамыту сияқты маңызды құжаттарға қол қойылды. Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмона екі ел арасындағы сауда көлемін екі миллиард долларға дейін арттыру қажеттігін айтты.

Ақорда құрметті қонағын қалыптасқан дәстүр бойныша қарсы алды. Бұл Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның мемлеекттік сапары болып табылады. Салтанатты түрдегі қарсы алу рәсімінен соң, қос президенті екі жақты және кеңейтілген форматтағы кездесулерге бет алды. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы бірқатар құжатқа қол қойылды. Тоқтала кетсек, екі ел арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала мәліметтер алмасуды ұйымдастыру туралы хаттамаға, Түркістан және Худжанд қалалары арасында Бауырластық қатынастар орнату туралы меморандумға, туризмді дамыту, ауыл шарушалығы саласы, өнеркәсіп және инновациялар саласындағы келісімдер, екі елдің сауда айналымын дамыту сияқты маңызды құжаттарға қол жеткізілді. Қазақ басшысы Қасым-жомарт Тоқаев пен Тәжік басшысы Эмомали Рахмон бірлескен мәлімдеме жасады. Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 500 млн доллардан асты. Алдағы уақытта Тәжікстан Қазақстанға жеміс-жидек экспортын ұлғайтпақшы. Ал Қазақстан Тәжікстанға бидай мен ұн жеткізіп отырған ірі серіктесі болып табылады. Сондай-ақ тәжік еріне қазақтың өсімдік майы, макарон өнімдері, сүт өнімдері, кондитерлік өнімдері экспортын ұлғайту көзделіп отыр. Ал екі елдің арасындағы сауда айнылымы қазір 1,4 миллиард долларды құрап отыр.

Қос президент сауда айналымындағы бұл көрсеткішті одан әрі арттыру қажеттігін айтты. Тәжік басшысы сауда көлемін екі миллиард долларға дейін арттыруға мүмкіндік бар деп отыр.

Елімізге ат басын тіреген құрметті мейманды қазақ басшысы құр қол жібермеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды екі ел арасында үлгілі қарым-қатынас қалыптастыруға ерекше атсалысқаны үшін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады. Өз кезегінде
Ризашылығын білдірген тәжік басшысы қазақ президенті Тоқаевты Тәжікстанға шақырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.