Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Тәж" вирусына шалдыққандар

c 17:14, 24/04/2020 c 333

0:00 / 0:00

БҚО-да коронавирус жұқтырғандар 90-нан асты. Бүгін Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған алты адам тіркелді. Бесеуі Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс істейтін азаматтар. Олардың үшеуі -Батыс Қазақстан облысының, ал екеуі-Түркістан облысының тұрғыны.Бүгін таңғы сағат 09.30-дағы мәлімет бойынша Батыс Қазақстан облысында 6 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабынан алынған мәліметке қарағанда, соның бесеуі - Ресейде вахталық әдіспен жұмыс жасайтын азаматтар, бұлардың үшеуі - БҚО-ның, екеуі - Түркістан облысының азаматтары. Саратов облысымен шектесетін «Тасқала» автоөткелінен өткен кезде олардың денсаулығына шағымы болмағанмен, карантиндік стационарға жатқызылды. Зертханалық сынама алынғанда, коронавирусқа шалдыққаны анықталды. Қазіргі таңда алтауы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда.Осылайша облыста ауырғандар саны 92-ге жетіп, соның екеуі жазылып шықты. Бұлардың 78-і - Ресейден келген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.