Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тазалықшылар бас көтерді

c 11:35, 12/05/2021 c 451

0:00 / 0:00

Еліміздің бас қаласы-Нұр-Сұлтанның тазалықшылары бас көтерді. Астана Тазалық мекемесінің жұмысшылары жалақыларын көтеруді талап етті.  100 мың теңгеге жетер-жетпес жалақыларыға көңіліміз толмайды дейді олар. Баспана жалдап, несиеге батып отырған жұмысшыларға  отбасын  асырау қиынға соғып отыр. Сондай-ақ, қақаған қыста, жаздың аптап ыстығында көшеде қоқыс жинап, қала тазалығын қамтып отырған жұмысшыларға компания қарапайым қолқап пен қоқыс салатын қапшықты да бермейді екен. Бүгін елорда тазалықшылары таңғы жұмысын наразылық акциясымен бастады.

Елораданың тазалығына жауап беретін Астана Тазалық мекемесінің жұмысшылары басшылыққа наразы. Жұмыс күнін наразылық акциясымен өткізген тазалықшылар, жалақыларын көтеруді талап етті. 70 –тен аса адам жиналып, мекеме басшылығына өкпе-реніштерін айтты. Жұмысшылардың айтуынша, ресми түрде олардың айлығы –120 мың теңге. Алайда зейнетақы жарнасы мен табыс салығын алып қалғанда одан қалатыны  90 мың, кейбіреуінде 70 мың теңге шыққан.

Жұмысшылар бірнеше жыл бойы айлықтарының өспегенін айтады. Ал  мамыр айында жалақымен бірге мереке күндері берілетін сыйақыдан да қағылдық дейді. Мекеме басшылығы болса, наразы топқа қандай сылтау айтарын білмей әбден састы. Бірі  "жалақы есептейтін программа дұрыс істемеді" десе, енді бірі "есепшінің қателігі" деп, жалақының азаю себебін нақты айта алмай әлек болды. Қазақша сөйлей алмай тұрған компания басшысына оның нөкерлері көмекке келді.

Керек затты сұрамасаң болмайды деген осы. Жұмысшылар бас көтерген соң  бүгін жалақыларын беріп, қосымша алымдарын да қосатындары айтып ақталды. Ал басты талап-жалақыны өсіру мәселесіне келсек.  Сол жерге келген әкімдік өкілі бірер күнде жауап береміз деп уәде етіпті. Ол жиынға тілшілерді кіргізбеген еді. Астана Тазалық мекемесі қақаған қыстың сарышұнақ аязында, жаздың аптап ыстығында көше тазалап жүрген жұмысшыларын еңбекке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықпен қамтымай отырған жайы бар.

Жалпы Нұр-Сұлтан қаласының көшелерін  70 мердігер-фирма тазалайды. Ең ірісі осы Астана-Тазалық мекемесі. Көшені тазалауға қала әкімдігінің бюджетінен жылына 15 млрд теңге бөлінеді. Өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша есептесек, тек бір ауданға 10 млрд теңгеден астам тендер ойнатылған. Оның 5 млрд теңгесі осы Астана Тазалыққа тиесілі. Яғни компанияның ақшасы баршылық. Алайда, қара жұмысты жасап жүрген жұмысшыларға келгенде тиын санап қалады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.