Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тазалық табалдырықтан

c 17:40, 25/03/2020 c 480

0:00 / 0:00

COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында қаламыздағы азық түлік сататын базарлардағы санитарлық жағдай қатаң қадағалануда. 17 наурыздан бастап қойылған шектеу бойынша учаскелік полиция инспекторлары және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, қаладағы волонтерлар, полицияның қоғамдық көмекшілері рейдтік іс шаралар жүргізуде.Рейдтік іс-шараларға шығатын 3 топ құрылды, тексерістер 15 сәуірге дейін жалғасады. Жабайы базарлардың жолын кесу жолында бір күнде 16 хаттама толтырылған.
Бүгінде орталық базар маңындағы санитарлық жағдайды 10-нан аса тәртіп сақшысы қадағалуда. Бұған дейінгі жүргізілген рейдтік шаралар нәтижесін берген. Сауда орнының айналасы мұнтаздай тап-таза. Осы орайда кәсіпкерлер уәкілетті орган өкілдерінен осы шараларды аяғына дейін жеткізуді сұрап отыр.24 наурызда Абай полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары қала орталығындағы кафе, мейрамхана, дәмхана, шайхана сынды көпшілік тамақтанатын орындар мен көңіл көтеру, ойын сауық орындарын тексеріп, арнайы талаптардың орындалуын қадағалады. Бұл жолы түнгі рейдке Абай Пб учаскелік полиция инспекторлары волонтерларды, өзге де мүдделі ұйым өкілдерін ілестіріп шықты. Түнгі рейдтер алдағы күндері де жалғасын табады. Заң баршаға ортақ, талаптарын орындауға бәріміз міндеттіміз. Төтенше жағдай талабын бұзғандар әкімшілік қамаққа алынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.