Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

c 17:50, 13/12/2019 c 1301

0:00 / 0:00

Бүгін облыс әкімдігіңің «Ақжайық» залында өткен Тәуелсіздік күніне арналған жиында Елбасы Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапатталды. Сол марапаттарды өңір басшысы Ғали Есқалиев салтанатты түрде иелеріне табыстады.Бұдан соң, өңірге, қала берді Отанымызға жасаған еңбектеріңіз еселеніп қайтсын Мерекелік шарада  еліміздің әлеуметтік-экномикалық дамуына үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес мемлекеттік наградалармен салтанатты түрде марапатталды. Бұл күні Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі Сердеш Қажымұратов «Парасат» орденіне, «АсанАул» ЖШС директоры Бейбіт Асанов, «Жайық Ет» ЖШС бас директоры Темірғали Ескендіров, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Тәжмұқанов «Құрмет» орденіне, Қазталов ауданындағы «Дорремсервис» ЖШС-ның тракторшы-машинисі Ахат Мұханбеткереев, Жаңақала ауданындағы «Бірлік мал зауыты» ЖШС аға шопаны Қойшыбай Сапаров, Теректідегі «Прогресс» шаруа қожалығының комбайншысы Александр Челик ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденіне ие болды.Сондай-ақ бірқатар азаматтар «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдерімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, ҚР Президентінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.