Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тауар айналымы төмендеді

c 09:13, 21/08/2020 c 678

0:00 / 0:00

Пандемия барысында Қазақстанның ішкі тауар айналымы 6,9 пайызға төмендеді. Әлемдік дағдарыс салдарынан еліміздің сыртқы сауда айналымы да 7,4 пайызға төмендеп отыр. Бұл жайында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов онлайн брифинг барысында айтты. Министрдің айтуынша, тауарларды сыртқа шығару тиімсіз болып отыр. Себебі Қазақстанның жері кең, ал ондай өнімді тасымалдағанда жол шығындары көбейіп тұр. Ол шетелге жеткенше бағасы өсіп кетеді. Осылайша отандық өнім өзге елдің тауарымен бәсекеге түсе алмайды.

Әлемді есеңгіреткен пандемия сауда айналымын да әлсіретті. Бұл келеңсіздік біздің елге де кері әсер етті. Есеп берген сауда министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанның сыртқы сауда айналымы айтарлықтай төмендеді деп отыр. Әлемде сауда-саттық қатынасының баяулап қалғанын орын алды.

Бақыт Сұлтанов – ҚР сауда және интеграция министрі "Бүгінде әлем бойынша сауда байланыстары баяулады. Соның салдарынан бірінші жартыжылдықта Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 7,4 процентке төмендеді. Өкінішке қарай, Еуразиялық одақ аясында бұл көрсеткіш одан да көп – 10 процентке төмендеді.

Жалпыға ортақ тауарларды сыртқа шығару тиімсіз. Себебі Қазақстанның жері кең, ал ондай өнімді тасымалдағанда жол шығындары көп болады. Шетелге жеткенше бағасы өсіп кетеді. Содан отандық өнім осы санаттағы өзге елдің тауарымен бәсекеге түсе алмайды».

Министрдің айтуынша, еліміздің  сыртқы саудасын жандандыру үшін  жақын көршілермен арадағы сауда-саттықты күшейту керек. Өкінішке орай көршілес елдермен құрылған Еуразиялық  одақ аясында тауар айналымы небәрі 14 процентті құрайды. Ал пандемия барысында бұл көрсеткіш 11 процентке дейін түсіп кетті. Бұған қоса, ағымдағы жылы  ішкі тауар айналым да 6,9 пайызға төмендеді.Бұл  14,9 трлн теңгені құрайды.

Бақыт Сұлтанов –ҚР сауда және интеграция министрі «Биылғы жылдың   жарты жылында ішкі тауар айналым да 6,9 пайызға төмендеді.Бұл  14,9 трлн теңгені құрайды. COVID-19 салдарынан сауда саласындағы инвестициялар көлемі 48 пайызға түсіп кетті».

Сауда министрі  ішкі нарықта импортпен келген тауар түрлері артып кеткенін мойындап отыр. Оның өзі сапасы төмен тауарлар. Сұлтановтың айтуынша, сауда-саттықты дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама бұл кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Оған қазынадан 271 млрд теңге қарастырылған.  Бұл қаражат экспортқа шығаратын тауралар көлемін арттыруға, электронды сауданы қыздыруға, сауда-көлік инфрақұрылымы құрылысына және нарықты жаһандыруға жұмсалмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.