Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Татуласу орталығы ашылды

c 17:41, 29/08/2019 c 998

0:00 / 0:00

Оралда алғаш рет татуласу орталығы ашылды. Ғимарат Сарайшық 47 мекен-жайында орналасқан. Енді дауласқан қос тарап уақыт пен қаражатын үнемдеп мәселелерін бірлесе шеше алады. Араздасқан жандарға медиаторларға тегін көмектеспек.

Оралда тұңғыш рет ашылып отырған татуласу орталығы қаланың қақ төрінен орын тепкен. Араздасқан жандарды татуластыруға арналған ғимаратта Қазақстан халқы Ассамблеясының жанында жұмыс жасайтын медиаторлар бұқара халыққа қызмет көрсетпек.

Татуласу орталығында билер кабинеті де жұмыс жасамақ. Ертеректе, ата-бабаларымыз түрлі дауды билердің көмегімен шешіп, ел арасында бірлік пен ынтымақты сақтап келгендігі тарихтан белгілі. Ал, қазір дауласқан жандарға психолог мамандар мен кәсіби медиаторлар көмектесуге дайын.

Бүгінгі таңда Ақ жайық өлкесінде 200-ге жуық медиатор жұмыс жасайды. Медиаторлардың көмегімен 1400 келісім жасалған. Бұл шетелде аса танымал тәжірбиенің біздің елімізде де қанат жайып, сотқа түсетін істер санының азайып жатқанының көрсеткіші.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.