Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тасқынға дайындық ойдағыдай

c 17:30, 11/03/2019 c 491

0:00 / 0:00

РМК «Қазгидромет» Батыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, 11-13 наурыз аралығында ауа райының жылынуына орай және жауын-шашынның көп түсуіне байланысты қар қарқынды еріп, ағын сулар пайда болады. Мұз жұқарып, өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі. Бұл күндері облыс аумағында жаңбыр жауады деп күтілуде. Осы орайда төтеншеліктер күшейтілген режимде жұмысқа көшті. Осыған байланысты қазір аймақта төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қолға алынған. Мамандардың айтуынша, биыл түскен қардың көлемі былтырғыдан 3 есеге артық. Қазіргі уақытта облыс аумағында 1 млн ,265 мың текше метрдей қар шығарылған. Оралда 28, ал облыс аумағында 50 ден аса арнайы эвакуациялық пункт дайындалған. Күн күрт еріген жағдайда күтпеген жағдайлар болуы мүмкін екендігін мамандар да жоққа шығармайды. Сондықтан қазір қолдағы барлық күш пен құралдар су тасқынының алдын алу шараларын бастап кетті. Мәселен арнасынан тасиды деген бірнеше өзеннің мұздары кесіліпті.  Тасқын суға тойтарыс беру үшін 125 мыңдай қапшық қоры, 156 тонна жану-жағармай мен 700-дей техника дайын күйде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.