Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тасқаланың тұрмысы

c 17:52, 05/02/2020 c 578

0:00 / 0:00

"Жақсының жақсығылын айт, нұры тасысын" деп тасқалалық ағайын аудан әкімінің жұмысын осылайша бағалады. Жылдағы үрдіс бойынша барлық аудан, ауыл әкімдері бұқарамен кездесіп, жыл он екі ай бойы атқарған жұмыстарын тізбектеп, есеп береді. Тасқала ауданының тізгінін ұстаған Алдияр Халелов өткен 2019 жылы атқарған жұмыстарын баяндады. Өткен жылы 126,3 млн. теңге қаражат бөлініп, аудандық маңызы бар ІІ Шежін ауылына кіреберіс 2 шақырымды автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Ал, облыстық маңызы бар жалпы ұзындығы 96 км,ге созылып жатырған«Тасқала-Аққурай» автомобиль жолына жөндеу жұмыстары басталып, көшпелі тәсілмен биыл аяқталмақ.

Тасқала ауданы облыс көлемінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін басты аудандардың бірі. Өткен жылы осы ауданда ірі қара мал саны 27 180 бас, қой мен ешкі 60,1 мың бас, жылқы 11,1 мың бас, құс 31,4 мың басты құрады. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытып отырған шаруалар 196,7 млн теңге көлемінде субсидия төленген.

Әкім есебінде сөз алған жандар Тасқаланың тізгінін ұстаған Алдияр Халеловтың атқарған жұмысын оң бағалап, бірталай жұмыстың атқарылғанын айтып берді. Бірақ, тасқалалықтар мектеп пен интернатты күрделі жөндеуден өткізуді сұрап, жол салып беруді өтінді, ауылда шаруа қожалықтарының саны артып, ал қарапайым ауыл тұрғындарының малы азайып бара жатыр деп дабыл қағуда.

Есепті қорытындылаған облыс әкімі Ғали Есқалиев БҚО екі күрделі мәселе бар екендігін атап өтті. Бірі игерілмей жатқан жер мәселесі болса, енді бірі шағын мектептер. Президент те игерілмей жатқан жерлерді кәсіпкерлерден алып, ел игілігі үшін тыным таппай еңбектеніп жүрген жандарға беру керек деп тапсырма жүктеген болатын. Бүгінде осы тапсырманың аясында жер игеру мәселесінде ашықтықты қамтамасыз ету және кімнің берді толыққанды пайданаланып жатқандығын көру үшін осы салада цифрландыру енгізіліп жатыр.
Халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында 2019 жылы Тасқала ауданында атқарылған жұмыс көп. Биыл аталмыш аудан орталығында құны 706,5 млн теңгені құрайтын замануи спорт кешенінің құрылысы басталып, екі мектеп күрделі жөндеуден өтіп, 4 инвестициялық жоба іске қосылмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.