Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тас жолдар жөнделіп жатыр

c 17:10, 05/09/2018 c 607

0:00 / 0:00

Бөрліліктер үшін күн тәртібінен түспейтін мәселе ол әрине, тас жолдың жөнделуі еді. Биылғы жылы трасса мен қала ішілік жолдардың жөнделуі жоспарланған болатын. Ақсайға арнайы ат басын бұрған облыс әкімі жол жөндеп жатқан мердігер компания өкілдеріне жолдың сапасын естен шығармау керектігін айтып, жолды дұрыс салмаған жандар жауапкершіліктен жалтара алмайтындығын да ескертті.

Тихоненко көшесіндегі жөндеу жұмыстары 12-тамызда басталған еді. Бұл жұмыстардың баршасы үшін 178 млн теңгедей қаражат бөлінген. Тас жолдың ұзындығы 2 шақырымды құрайды. Тас жолдың жөндеуінен соң, жарықтандыру ісі де жаңартылмақ.

Қала аумағында жылыту пункттары да жөнделмек.Биылғы жылы Ақсай қаласына қарасты жылу желісін жөнделу көзделіпті.

Ақсай мен Жымпитыны жалғайтын тас жолдың жөндеу жұмыстары аяқталып келе жатыр. Оның ұзындығы 15 шақырымды құрайды. Аталмыш жөндеу жұмыстары өткен жылы басталған еді. Былтырғы жылы 30 шақырым тас жол жөндеу көрген болатын. Тас жолдың жөндеуі үшін 80 адам жұмыстанған еді.

Аталмыш жолдың ұзындығы 6,7 шақырымды құрайды. Бұл учаскені жөндеу үшін республикалық бюджеттен 700 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.