Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тамыз кеңесі

c 17:59, 27/08/2019 c 673

0:00 / 0:00

Бүгін Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында қалалық білім беру жүйесі қызметкерлерінің тамыз педагогикалық конференциясы өтті. Конференция аясында «Келешекке кемел біліммен » тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Жаңа оқу жылы қарсаңындағы дәстүрлі тамыз кеңесі білім берудің аса маңызды мәселелерін талқылап, мәнін ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі реформалар оқу мазмұнын жаңартуға және тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Биыл «Келешекке кемел біліммен » деп аталған тамыз кеңесін БҚО білім басқармасының басшысы Айымгүл Тржанова ашты. Өңірдің бас мұғалімі атап өткендей, оқу жылын бастауға бағыт-бағдар беретін дәстүрлі тамыз конференциясының маңызы ерекше.  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес білім саласы бойынша келер жылдары шешетін бірнеше міндеттер бар.  Оларды орындау үшін жүйелі жұмыс жүргізіледі. Орал қаласы бойынша барлығы 50 мемлекеттік, 50 жеке мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды.  Білім беру жүйесінде атқарылып жатқан істер аз емес, дегенмен, Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес алда атқарылар жұмыстар  жетерлік. Атап айтқанда, білім сапасын көтеру, келешек ұрпақтың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру тағы басқа.  Бүгінгі күннің басты талабы біліммен қаруланған ұрпақ тәрбиелеу. Осы орайда  бас шаһардың білім алушыларының жетістіктері көңіл көншітеді. Түрлі пәндік олимпиядаларда жетістікке жеткен жеткіншектер нәтижесі еліміз бойынша үшінші орында.  Тәуелсіздік  алған осы жылдар ішінде 14 мың оқушыға арналған 16 мектеп, 5 мың бүлдіршінге арналған 22 балабақша салынды.  Облыс орталығында Оқушылар және жастар сарайы бой көтерді. Дегенмен, жеке бала-бақшаларда бірқатар жүйелі проблемалар бар: тәрбиешілердің тұрақтамауы, кезектері келгенде балалардың мемлекеттік бала-бақшаға ауысып кетуі, мамандардың арнаулы білімі мен техникалық кадрлардың  жоқтығы белең алып отыр.  Осы орайда сала ардагерлері бұл мәселенің  қалай неден пайда болғанын атап өтті. Осы кезеңге дейін Орал қаласында 900 орындық №52 және 300 орындық №33 мектептің құрылысына жобалау-сметалық құжаты әзірленді. Алайда облыс орталығында халықтың қоныс аударуы себебінен үш ауысымды мектептер саны азаймай отыр. Дегенмен алдағы уақытта бұл мәселе өз шешімін табатын болады.  Тамыз конференциясында білім беру саласындағы проблемалардан бөлек көптеген жетістіктер де жария болды. Мәселен, Оралдағы М.Ыхсанов атындағы 36 мектеп ұжымы жаңа жүйе негізінде республика бойынша 30 пилоттық жоба аясында сынақтан өтіп, білім және ғылым министірлігінің алғыс хатына ие болды. Білім ұжымының  табандылығы мен қажырлығы  көпке үлгі. Бас қосудың пленарлық отырысынан кейін бір топ ұстаз «Ы. Алтынсарин» және «Бiлiм беру iсiнiң құрметтi қызметкерi» төсбелгiсiмен, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағына сіңірген еңбегі үшін» белгiсiмен, ҚР білім және ғылым министрлігінің және БҚО әкімінің Құрмет грамтосы, алғыс хатымен марапатталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.