Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Таксиді тексерді

c 19:21, 28/08/2020 c 446

0:00 / 0:00

Орал қаласында такси жүргізушілерінің құжаттары тексеріліп жатыр. Рейдік шара барысында полиция қызметкерлері мен көліктік бақылау қызметінің мамандары жолда жолаушы тасымалдап жүрген жүргізушілердің құжаттарын тексеріп шықты. Адам өміріне жауапты қызмет жолаушы тасымалдауда олқылық жіберген жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінде таксидің қызметін қолданып, діттеген жеріне жылдам жеткісі келетін жандардың қарасы көбейді. Әсіресе карантин шектеулеріне байланысты таксиге деген сұраныс артты. Осы жолаушыларды тасымалдайтын жеңіл көлік жүргізушілерінің рұқсат қағазы мен құжаттарын тексеру үшін көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері мен тәртіп сақшылары бірлескен рейд шарасын ұйымдастырды.

Заңнамаға сәйкес жолаушыларды тасымалдайтын таксилер тиісті ережелерді ұстануы шарт.

Жолаушы тасымалдайтын такси жүргізушілерінің көбінесе жолаушыларды тасымалдайтын рұқсатнамасы болмайды,- дейді полиция қызметкерлері.

Сала мамандары азаматтарға ресми тіркелген, құжаттары бар таксилердің қызметіне жүгінуді сұрайды. Орал қаласында 5 ресми таксопарк бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.