Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Таксиде әйел адамды зорлағандар қамауда!

c 16:20, 03/09/2021 c 717

Оралда танысымен бірге жолаушыны зорлаған такси жүргізушісі қамауға алынды. Ал зардап шеккен қыз бала оларды бұрын-соңды көрмегенін мәлімдеді.Зардап шеккен бойжеткен колледж студенті болып шықты. Ол 8 тамызға қараған түні құрбысының үйінен шығып, мобильдік қосымша арқылы "Индрайвер" таксиін шақырған. Көлікте жүргізушіден бөлек тағы бір ер адам болған. Олар жолаушы қызды көлікке мінгізгеннен кейін орта жолда бағытты өзгертіп, қала сыртына қарай жүйткіген. Сол жерде бойжеткенге зорлық көрсеткен көрінеді.Оқиғаға қатысты арыз түскенін полиция департаменті растады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Зардап шеккен 26 жастағы қыз бала бүгінгі күні анасымен бірге тұрады. Ол абыройын төккендер заң аясында жазаланғанын қалайды. Жәбірленушінің адвокаты оның қорғаушысын зорлағандар екі апта бойы бостандықта жүргенін айтты.Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айыптылардың қылмысы дәлелденер болса 26 және 28 жастағыларды 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.