Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тағы бір шошқа фермасы дауға қалды

c 17:19, 11/03/2021 c 626

0:00 / 0:00

Жарсуаттықтар ауыл іргесіндегі шошқа фермасының жұмысын қайта жандандыруға қарсылық білдіруде. Бөрлі ауданының Жарсуат ауылының жанындағы нысан қызметі іске қосылатын болса, одан шыққан қалдықтардың иісіне уланып қана қоймай, Жайық өзеніне де экологиялық жағынан үлкен қауіп төнгелі отыр.9 мың шошқа басын ұстауға қауқарлы ферма жұмысын қайта бастар болса «ауру боламыз» ,- деп ашынады жарсуаттықтар. Тұрғындардың айтуынша бұл ферма Кеңес үкіметі кезіннен бері бар. Әйтседе өткен ғасырда шағын, әрі мал жайылымы тектес шаруашылық болуы себепті оның зияндығы аса біліне қоймаған. Үкімет ыдыраған кезде жұмысын тоқтатқан нысан 2015 жылы қайта қызметін жандандырғанымен ауылдықтардың наразылығынан соң жұмысын кері тоқтатқан. 6 жылдан бері тұралап тұрған шаруашылық енді қайтадан қызметіне оралу мақсатында қажетті жұмыстарды қайта бастауы себепті Жарсуат тұрғындары ферманың жұмысына түбегейлі қарсылық танытуда. Ауылдықтар мен кәсіпкерлер арасындағы түйіні тарқамаған дау бұдан да бұрын бірнеше мәрте болған. Жарсуаттықтар ферма қожайынынан шошқа өсіретін орынды ауыл маңынан шегіндіруді талап еткен. Алайда кәсіпкер нысанды өзен жағасынан алыстату экономикалық тұрғыда тиімсіз екенін айтады. Тұрғындардың өтініші мен экологиялық заңнама тәртібі бойынша шошқа фермасынан шыққан көң-қоқыс қалдықсыз технология негізінде қайта өңделетін болады. Яғни қайта өңдеуді жүзеге асыратын заманауи жабдықтарды орнату арқылы залалсыздандырылады. Ал шошқа төшкелері Бәйтерек ауданындағы шұжық цехна жіберілмек. Аудандағы шенуініктерге бұл мәселе таныс. Олар ферманың жұмысы ауыл шаруашылғы саласына серпін беріп қана қоймай, жұмыс орнын ашу ауылдықтарды еңбекпен қамту десе, жарсуаттықтар заманауи қайта өңдеу қондырғысы істен шығар болса, барлық зиянды қалдықтар өзенге түсіп, онсызда жағдайы адам аярлықтай күйге жеткен қарт Жайық құрдымға кете ме деген қорқыныштарын жасырмайды. Ауыл әкімі де, ауылдықтар да күн ысытса қолқаны қабар жағымсыз иістің болатынын да айтты. Әсіресе жел бағыты ферма жаққа ауысқан шақта жағдай тіпті ушығатын көрінеді. Яғни жобаға бей-жай қарауға болмайды. Сарапшылар кешенің жұмысы заңнамада көрсетілгендей адам мен табиғатқа зиян келетіні дәлелденсе, оның жұмысына рұқсат берілмейді дейді. Осы орайда бұл шошқа фермасының инвесторлық жоба емес екені белгілі болды. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының мамандары мәлімдеді. Айта кеткен жөн, осындай мәселе көршілес Ақтөбе облысында да болып, тұрғындардың қарсылығынан соң ауыл шаруашылық кешен уақытша жұмысын тоқтатқан болатын. Сол себепті табиғат қорғаушылар бұл мәселеге бей жай қарамағаны жөн.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.