Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тағы бір адам пойыз астына түсті

c 16:23, 12/07/2021 c 462

Темір жолда тағы да қайғылы оқиға тіркелді. Оқиға демалыс күні таңғы сағат тоғыздар шамасында болған. Қырық жастағы ер адам велосипедімен тоқтап тұрған пойыздың астынан өтпекші болады. Сол кезде отарба қозғалып кеткен. Қазіргі таңда осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Оқиға орнына дереу жедел жәрдем көлігі келіп жеткен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары зардап шеккен азамат жансақтау бөлімінде жатыр деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Орал қаласында теміржолда 7 апат болып, соның кесірінен 2 азамат бақилық болды. Сала мамандары теміржол өткелдерін арнайы белгіленген жерлерде кесуге шақырады. Себебі-теміржолдан келетін қауіп көп. Мамандар заңнама талаптарын түсіндіріп, рейд шараларын ұйымдастырып келеді. Десек те, кеңестерге құлақ асатын жандар аз. Биыл осы теміржолды тыйым салынған жерде кескені үшін 700 азаматқа хаттама толтырылған.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.