Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тағы 2 науқас тіркелді

c 17:41, 09/04/2020 c 632

0:00 / 0:00

БҚО-да covid-19 инфекциясын жұқтырған екі шетелдік тіркелді. Екі азамат та Өзбекстан Республикасының азаматтары. Бұл жөнінде бүгін шұғыл тікелей эфирге шыққан БҚО мемлекеттік бас санитар-дәрігері хабарлады.Облыстың бас санитар-дәрігері Мұқамғали Арыспаевтың мәліметінше, олар-халықаралық жүк тасымалдаумен айналысатын Өзбекстан Республикасының азаматтары. Ресей Федерациясымен шекарадағы автоөткел бекетіндегі санитарлық-карантиндік бақылаудан өту үшін санитарлық-карантиндік бақылау қызметкерлері сауалнама және қашықтықтан термометрия жүргізу кезінде азаматтардың бірінде температураның жоғарылауы анықталған. БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысы Болатбек Қаюпов қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық екенін жеткізді. Олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Барлық байланыста болған адамдар дер кезінде оқшауланып, медициналық бақылауға алынған. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілген. Айта кетейік, бұған дейін облыста, яғни 29 наурызда коронавирус инфекциясын жұқтырғаны екі азамат тіркелген еді. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша Батыс Қазақстан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус инфекциясымен барлығы 4 адам ем алуда. Б.Каюповтың айтуынша, облыста 92 адам стационарлық карантинде жатыр. 3608 адам үйден бақылануда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.