Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тағдыр...

c 17:34, 04/06/2020 c 537

0:00 / 0:00

Бір апта ішінде үш көлікті рұқсатсыз тізгіндеген сегіз жасар Николай Керцман есіңізде ме? Бүгінде жасы 10-нан асқан мектеп оқушысы балалар үйінде тәрбиеленуде. Тағдыры сан қилы баланың ет жақындары о дүниелік болыпты.Осыдан бірнеше жыл бұрын Николай Керцманның бір аптада үш көлікті айдап кеткені көзі қарақты көрерменге аян. Көлік жүргізуге құштарлығы ерекше балғынның одан кейінгі тағдыры арнамыз арқылы бірнеше мәрте көпшілікке ұсынылды. Анасы ізім-қайым жоғалған Николай ата-әжесі және әкесімен бірге тұрып жатқаны туралы да айтылған болатын. Осыдан бірнеше ай бұрын балдырғанның әкесі мен атасы мәңгілік сапарға аттанып, арнайы комиссия шешімімен ол мемлекеттің қамқорлығына берілген. Бүгінде Николайды асырап алуға ниет танытқан отбасылар да бар көрінеді.26-шы ЖОББ мектепте білім алған ол, осы жағдайдан кейін 20-сыншы мектепке ауыстырылып биылғы оқу жылын қанағаттанарлық деңгейде аяқтаған. Бүгінде ол бейімдеу кезеңінен ойдағыдай өтіп жаңа орынға үйреніп келеді дейді отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры. Қала бойынша қазіргі кезде 333 мектеп жасындағы бала ұйымдастырылған қамқорлықта.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.