Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТАҒАЙЫНДАУЛАРДЫҢ ЖАЛҒАСЫ

c 23:09, 05/09/2023 c 40

0:00 / 0:00

Өздеріңізге мәлім, Жолдаудан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше министрліктерді қайта құрды. Үкіметтің құрамын жаңартты, кей министрлер өз тағына қайта отырды. Бірқатар облыс әкімі ауысты.

Ендігі бесінші күн елдегі ауыс-түйіс жалғасуда. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауынан соң көпшілік күткендей Үкімет басы Әлихан Смайыловты отставкаға жібермеді. Ол премьер-министр қызметінде қалды. 2022 жылдан бері Смайылов министрлер кабинетін басқарып отыр. Биыл 30 наурызда Үкімет басшысы лауазымына қайта тағайындалды. Жолдаудан соңғы жаңалық-Тоқаев жаңа министрліктерді құрды. Осылайша үкімет құрамы 21 министрліктен тұрады. Жаңадан тағайныдалған министрлер туралы бұған дейін айтқан болатынбыз. Бүгін Ақорда экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына Ерлан Нысанбаевтың кандидатурасын ұсынғанын хабарлады. Парламент Мәжілісі Нысанбаевтың кандидатурасын біраузыдан мақұлдады. Айта кетейік, Нысанбаев үшін бұл жаңа сала емес. Бүгінге дейін ол экология вице-министрі қызметін атқарып келгенді. Ал осыған дейін экология министрі болған Зульфия Сүлейменова мен мәдениет министрлігін басқарған Асхат Ораловтарға министрлер кабинетінен орын бұйырмады. Себебі, үкіметтің құрамы толық жасақталды. Кезек әкімдерге келді. Премьер-министр Жамбыл өңіріне барып, су жаңа әкімдерін таныстырып келді. Ауыл шарушаылқы министрі орнын босатып берген Ербол Қарашөкеев енді Жамбыл облысын басқаратын болды. Ал осы аймақты басқарған бұрынғы әкімі Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі қызметіне тағайындалғанды. Астанаға қоныс аударған су министрінің алдында атқаратын міндет көп.

Сондай-ақ келесі жылы елде 3 ірі су қоймасы салынбақ. Бұл да министр Нұржігітовтің мойнындағы шаруа.

Ақмолалықтарда жаңа әкімімен танысып жатыр. Экс-министр Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Осылайша бас полицей міндетін ақтарып келген Ахметжанов енді өңірді дамытпақ. Естеріңізге салайық, бұған дейінгі Ақмола облысының әкімі болған Ермек Маржықпаев туризм және спорт министріне керслосына жайғасқанды. Айтпақшы, Ералы Тоғжанов тағынан түсіп қалды. Ол Президенттің Жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылды. Ералы Лұқпанұлы облысты бір жыл ғана басқарды. Ақорда Тоғжановтың орнын суытпай, Ақтөбе өңіріне су жаңа әкім болып Асхат Шахаров барды. 45 жастағы Шахаров Ресейдің Орынбор қаласында туған. Кейін Ақтөбе өңіріне көшіп келген. Дзюдо мен самбодан спорт шебері. Әлем чемипонатында аталған спорт түрлері бойынша жүлделі орындары да жоқ емес. Ақтөбе қаласының әкімі болған. Енді міне облыс әкімдігін қолына алып отыр. Сондай-ақ, аты-шулы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов те жылы орнымен қоштасты. Жоғары жақтың шешімімен Ғабит Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.