Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТАҒАЙЫНДАУЛАР

c 20:35, 03/04/2023 c 86

0:00 / 0:00

Ақордадан жеткен хабар. Ел билігінде ауыс-түйіс орын алды. Сыртқы істер министрлігіне жаңа басшы келді. Бұл кресло Мұрат Нұртілеуге бұйырды. «Самұрық-Қазына» қорының да басшысы ауысты. Президент әкімшілігін Олжас Бектенов тізгіндеді. Ал Ішкі істер мен Қорғаныс министрлері өз орындарында қалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жұманғарин де Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымын сақтап қалды. Толығырақ тілші тарқатады.

Өткен аптада Парламент Мәжілісі Үкімет басшылығына Әлихан Смайыловты қайта сайлағаннан кейін, қазақстандықтар министрлер кабинетінің құрамы өзгерер ме екен деп күткен еді. Жаңа аптаның басындағы басты жаңалық-биліктегі ауыс-түйістен басталып отыр. Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрі және премьер-министрдің орынбасары лауазымынан түсіп қалды. Оның жайлы орны Мұрат Нұртілеуге бұйырды. Осылайша сыртқы ведомстваға жаңа басшыны Премьер-министр Әлихан Смайылов өзі таныстырды. Еске сала кетейік 1976 жылы туған Алматылық Нұртілеу мырза бұған дейін Президент Әкімшілігінің Басшысы болған еді. Бұл лауазымға Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов жайғасты. Бектенов өздеріңіз білетіндей Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы болғанды. 43 жасар Олжас Бектенов те Алматы қаласында туған. Ал Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пен Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жылы орындарын сақтап қалды. Сондай-ақ, квази-мемлекеттік сектор да өзгеріс бар. Алмасадам Сатқалиев Самұрық-Қазына қорының басшысы қызметінен кетті. Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы – Нұрлан Жақыповты таныстырды. Үкімет басшысы жаңа басшының алында атқаратын міндеттерін жіктеп берді.

Ақорданың хабарлауынша, Президентті Жарлығымен Роман Скляр Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына қайта тағайындалды. Склярдың кандидатурасы
Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында келісілді. Сондай-ақ, Үкіметтің апарат басшысы лауазымына Ғалымжан Қойшыбаев тағайындалды. Биліктегі тағайындаулар одан әрі жалғасуы мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.