Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Табыстан қағылған тойхана

c 16:43, 17/08/2020 c 850

0:00 / 0:00

Әлем елдерінің экономикасын құлдыратып, дағдарысқа ұшыратқан коронавирус пандемиясының пайда болғанына жарты жылдай уақыт болды. Вирустың таралуына тосқауыл болу үшін үкімет Ұлттық локдаун жариялап, кәсіпкерлердің жұмысын бірнеше мәрте тоқтатқан-ды. Кәсіп иелері табыстан қағылып, карантин талаптары бәсеңдеген кезде, қайтадан жұмысына кірісіп жатыр. Карантиннен тойхана мен алып мейрамхана иелері зардап шегіп отыр.

Бұл -Еркін Рақышев. Ол облыс орталығында тойхананы жалға алып, той мен садақа ұйымдастырып, табыс тапқан. Кәсіпкер вирустың кесірінен 6 айдан бері жұмыссыз отырмыз,- дейді. Той-томалақтың жоқтығынан бірнеше қызметкерін жұмыстан қысқартыпты.

Осы кәсіпкер секілді облыс аумағында 80-ге жуық бизнес нысанының иесі өз жұмысын тоқтатыпты.

Демалыс күндері облыстың бас санитар дәрігері жаңа қаулысын шығарды. Қаулыға сәйкес, мейрамханалар мен кафелер 30 адамға дейін қызмет көрсетіп, жұмыс жасауы керек. Ал отбасылық іс-шараларды ұйымдастыруға болмайды. Бұл шектеудің қашан алынары белгісіз. Той бизнесінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлер бизнестің өзге саласына ауысып немесе карантиннің толықтай аяқталғанын күтуі қажет. Бірақ бұның бәріне қосымша тәжірибе мен қаражат керек.

Сурет http://youtoi.kz/ сайтынан жүктелді

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.