Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сыңғырла соңғы қоңырау

c 09:55, 26/05/2021 c 1277

0:00 / 0:00

Сыңғырла соңғы қоңырау. Биыл елімізде  150 мыңға жуық оқушы мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басқалы тұр.  Ең алдымен түлектерге алдағы мемлекеттік емтихандарды тапсырып, ҰБТ сынағынан сүрінбей өтуі керек. Білім министрлігінің мәліметінше   130 мыңнан астамы түлек ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген.  «Алтын белгіге»  9 822 оқу озаты үміткер болып отыр. Бүгін Қазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау соғылды.

Бүгін еліміздің  7440 мектебінде соңғы қоңырау соғылды. 150 мыңға жуық оқушы алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқалы тұр. Алайда, жылдағыдай мәре-сәре болып, мектеп маңына жүздеген ата-ана  жинала алмады. Пандемияға байланысты мектептерде  соңғы қоңырау шарасы карантиндік шектеулер негізінде өтті.  Түлектерінің мектеппен қоштасу салтанаты ашық алаңда өткізілді. Әлеуметтік арақашықты сақтау, бетперде тағу, ата-аналарға  әр отбасынан бір  адамнан келуі талап етілді.

Дәлірек айтқанда, мектеп аумағындағы шара тек бір сынып түлектері үшін өткізілді. Шараның ұзақтығы 45 минуттан аспасын деген санитарлық дәрігердің талабы бар

Түлектерге алдағы мемлекеттік емтихандарды тапсырып, ҰБТ сынағынан сүрінбей өтуі керек. Карантиннің қатаң талаптарынан оқушыларға ұзақ уақыт бойы қашықтан оқуға тура келді. Жыл ортасында мектепке оралғанымен, ҰБТ толыққанды дайындалу да олар үшін оңай болмады. Дегенмен, болашаққа сеніммен қарайтын жетіншектер алдағы сынақтан өтіп, таңдаған мамандық иесі болуға дайын.

Соңғы қоңырауда дәстүрлі вальс те болған жоқ, Елорда мектептерінде өткен соңғы қоңырау шарасында түлектердің вальс билеуіне де тиым салынғанды. Кей мектептерде түлектер вальс биін арақашықты сақтай отырып орындады.

Қазақстанның бас мұғалімі  ​ Асхат Аймағамбетов бұл жолы қала мектептерімен шектелмей  Ақмола облысындағы Талапкер ауылына барып, мектеп түлектерін оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.