Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СЫНАҚҚА ШЫДАС БЕРГЕН ШЫМЫР АДАМ

c 17:13, 14/07/2021 c 1230

0:00 / 0:00

Бауыржан Өміралиев 2-ші топ мүгедегі. 2017 жылдың қараша айында автокөлік жуу станциясына жұмысқа орналасады. Жұмыс күндерінің бірінде өндірістік жарақат алған. Көлігін жууға келген азаматша тежегіш орнына газды басып жіберіпті. Салдарынан қатты жылдамдықпен келген темір тұлпар Бауыржанды қысып тастаған. Екі ай ауруханада жатып ем-дом алғанымен екі аяғын сақтап қалу мүмкін болмапты. Бүгінде тек арнайы арба мен протездің арқасында ғана жүре алады.
Екі бірдей аяғынан айырылған Бауыржан өмірге деген құштарлығын жоғалтпады. Отбасының қолдауы арқасында күш-жігерін жиып, 2018 жылы мүгедектерге арналған спорт клубына келіпті. Осы жерде парашаңғы спорт түрімен айналысып, бүгінде ел құрамасының қатарында өнер көрсетіп жүр. Жеткен жетістіктері жетерлік. Парашаңғы спорт түрінен ел біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы. Бүгінде Токияда өтетін параолимпида ойындарына жолдама алу үшін жаттығуларды бастап кеткен.

Бауыржанға елімізде шығаратын протезде жүріп-тұру қиынға соғуда. Әлеуметтік желі арқылы Ресейде жасалатын арнайы протезді көріпті. Алайда оның құны 8 миллион теңге шамасында. Оны алуға әрине Бауыржанның қаражаты тапшы. Ел намысын Токияда қорғаймын деген параспортшы Бауыржанға көмек қолын созып, арнайы протез алуға жәрдем беремін деушілер төменде көрсетілген телефон нөмірі бойынша хабарласа алады. Каспий есепшоты да осы нөмірге тіркелген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.