Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа жол берген

c 17:20, 05/02/2020 c 231

БҚО бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін күдікке ілікті. Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, пара алғаны үшін күдікті болған полковник, «ҚР Қорғаныс министрлігінің БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті» РММ басшысын әшкереледі. Облыстың қорғаныс істері жөніндегі басшысы қол астындағы қызметкерінен қызмет бабында көтермелеу мен оған қамқорлығы үшін қомақты көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Күдікті ұсталып, Орал қалалық уақытша ұстау абақтысына қамалды. Күдіктінің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайтын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.