Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Сыбаға» бағдарламасымен Ресейден 60 бас мал алынды

c 16:08, 24/10/2019 c 1033

0:00 / 0:00

Батысқазақстандық шаруалар жаңартылған «Сыбаға» бағдарламасының көмегімен етті мал сатып алуға көшті. Мәселен Теректі ауданындағы «Төлеңгіт» шаруа қожалығы Ресейден 60 бас ірі қара малын сатып алып бүгінде отбасылық бизнесті одан әрі жандандырып отыр. Соңғы жылдары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» Батыс Қазақстан филиалы арқылы 100-ге жуық шаруашылық қаржыландырылған. Ал биыл «Сыбаға» бағдарламасына облысқа 2 млрд. теңге бөлініп, 20-дан аса қожалыққа 15 жылға дейін 4 пайызбен несие берілген. Мемлекеттік жеңілдікке ие болғандардың бірі - Талғат Дәкешов. Ол басқаратын «Төлеңгіт» шарауа қожалығында бүгінде асыл тұқымды етті сүтті ірі қара мал басы көбейтілуде. Отбасылық кәсіпті дөңгелетіп қана қоймай, күніне 40-қа жуық сиыр сауылып жиналған сүт өнімі жергілікті сүт фермаларына жөнелтіледі. Артылып жатса қаладағы дүкендерге таратылады. Көп жағдайда табиғи өнімге сұраныс мол көрінеді. Шаруалар қысқы мал азығын да молынан жинап алыпты. Ал «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» өкілдері болса ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ат салысам деген шаруаларға мемлекет қолдау көрсетуге әркез дайын дейді. Несиелер ет бағытындағы мал басын сатып алуға және қолдағы техниканы жаңартуға да беріледі. Бұл келешекте табынның өнімділігі мен отандық етті шетелге экспорттау көлемін арттыруға септігін тигізбек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.