Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Сұлтан" базары жаңартылуда

c 17:00, 26/03/2019 c 852

0:00 / 0:00

Облыс орталығындағы сауда базарларын қайта жаңартудан және жаңғыртудан өткізіп, біртіндеп заманауи стационарлы сауда кешендеріне айналдыру жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Мәселен, қала орталығындағы «Диана» аялдамасының маңындағы «Сұлтан» базары бүгінгі таңда сүріліп, аталмыш сауда орнындағы бірнеше кәсіпкер жаңа орынға көшірілген. Жергілікті жерлердегі ашық сауда орындары, заманауи сауда орталығына айналып, тұрғындарға ыңғайлы болуы тиіс. Аталған «Сұлтан» сауда базары да алдағы уақытта кәсіпкерлер мен тұтынушылар үшін қолайлы орынға айналмақ. Яғни ондағы 25 кәсіпкер жаңа орында қызметін жалғастыратын болады. Бұдан сатушылар да үмітті. Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мамандарының таратқан ақпаратына сүйенер болсақ, жаңа орынның жалға алу құны да қалтаға қонымды болып, саудадағы өнімдер бағасы да әдеттегідей қалатын болады. Естеріңізге сала кетеміз бұған дейін, халық «Московский», «Жеңіс»,  «Алмазов» және «Жигули»    атап кеткен ашық сауда орындары қайта жаңғыртудан өтті. Бұдан бөлек «Қайнар», «Алтын алма», «Мирлан», «Золотая Чаша»  кәсіпкерлік субьектілері де қайта жаңығыртудан өтепек.  Аталған бағыттағы шаралар 2025 жылға дейін жалғасып, облыс орталағындағы жабайы базарлар орнына сәулеті мен келбеті келісті су жаңа нысандар кезең-кезеңімен  бой көтеретін болады. Бұл шаралардың барлығы да тұрғындар игілгі жолындағы атқарылып жатқан жұмыстар екені даусыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.