Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Судың зардабы

c 17:23, 05/04/2019 c 675

0:00 / 0:00

БҚО Бәйтерек ауданына қарасты Переметный ауылының тұрғыны Шолпан Боранбаева 3 жылдан бері жер асты суларынан зардап шегуде. Яғни, қар мен жаңбырдың суы тұрғынның үйінен шығады. Бұл, кезегінде жөнделген баспананың иесіне қиындықтар туғызып отыр.

Переметныйлық Шолпан Боранбаева көктем мен күзде жер суларынан зардап шегіп отыр. Аталмыш жағдай 3 жылдан бері қайталанып келеді. Ауыл тұрғыны бір жұма бұрын, үйімнен су шыға бастады. Күн сайын баспанамнан 50 шелек суды шығарып отырамын,-дейді. Баспананың иесі өткен жылы үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіпті. Аталмыш тұрғын үй өткен ғасырдың 50-шы жылдарында салынған.

Ауыл әкімі Деркөл өзеніне жақын орналасқандықтан жер асты суларының шығуына байланысты арыз-шағым келіп түскендігін айтады. Ал, бүгінде Жеңіс көшесінде орналасқан 2 үй ауыл әкімдігіне көмек сұрап, хабарласқан.

Жер асты суынан зардап шеккен Шолпан Боранбаева үйін апатты деп тану үшін арнайы сараптаманы өз есебінен жүргізуі шарт. Сараптама баспананы қауіпті деп таныса, ауыл тұрғыны үй кезегіне тұра алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.