Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Судағы қауіпсіздік

c 18:31, 05/07/2019 c 925

0:00 / 0:00

Биыл Батыс Қазақстан облысында 20 адамның ажалы судан келген. Олардың 4 төртеуі кәмелет жасына толмаған. Сала мамандары жасөспірімдер арасында өлім-жітімді азайту үшін бүлдіршіндерге 26 орында арнайы жүзуді үйретіп жатыр. Бұл жаттығу 2017 жылы қолға алынған еді.

Шілденің шіліңгір ыстығында табиғат аясында демалатын жандар түрлі төтенше жағдайға тап болатыны жасырын емес. Осы ретте, судан келетін қауіп те көп. Сала мамандарының келтірген дерегіне сүйенсек, биылдың өзінде 20 адам суға батып кеткен.

Судан келетін қауіптің алдын алу үшін 2017 жылдан бастап төтеншеліктер мен білім басқармасы бірлесе отырып, бүлдіршіндерге жастайынан жүзіп үйретуде. Қазіргі таңда жаттығатын орындардың саны 26. Сала мамандары балаларды жастайынан жүзіп үйретсек, өлім-жітімнің алдын алуға болады,- дейді. Орал қаласының тұрғыны Арайлым Ерсайынқызы да оқушыларға арналған арнайы сабақтың барын біліп, баласын жабдықталған жағалауға алып келіпті.

Төтеншеліктер дәріс алуға келген балалар мен олардың ата-аналары үшін арнайы азаматтарды құтқарып, оларға алғашқы көмек көрсетіп, тәжірбиелерімен бөлісті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.