Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Су жарған бөгет қалпына келтірілуде

c 11:46, 10/04/2018 c 792

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданының маңындағы Переметное ауылындағы бөгетті еріген қар суы жырып кетті. Нысанды «Орал Строй инвест» мердігерлік мекемесі өткен жылдың күзінде ғана жөндеуден өткізген болатын. Негізгі және су құятын дамба құрылысына бюджеттен 71 млн теңге бөлінген.

Сәуірдің сегізі күні қар суы жиналған бөгеттің кей жерлері жарыла бастаған. Тәулік бойы аққан су бетонды тақталардың басқа бөліктерін де жырып кеткен. Келген шығын көлемін арнайы комиссия анықтайды. Облыс басшысының тапсырмасына сай, мердігер кепілдендірілген міндеттемеге сәйкес барлық ақауларды ретке келтірмек. Өңір басшылығының баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйенсек, нысанды жобалаушы да жауапкершілікке тарылмақ.

Қазір нысан орнында мердігер мекеменің арнайы техникасы жұмыс істеуде. Ал дамбаға жүрер жолды жергілікті полиция қызметі әзірге жауып тастапты.

Айта кетелік, Бұл бөгет 5 миллион текше метр суды сақтау үшін салынған. Жиналған су егістікті жазғы маусымда суландыру үшін пайдаланылады.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.